Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 (білім Министрінің бұйрығымен еңгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу –ағарту министрінің м.а 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес № 29 ОМ КММ 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтыны туралы хабарлайды.
№29 ОМ КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Авиагородок 23 А мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен жайы:e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
байланыс телефоны 8(7132) 73-03-54
Қамқоршылық кеңес -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
1)білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
- Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
- Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
- Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
- Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
- Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.
№29 ОМ КММ директоры
Мухашев Есенай Ертостиковичке
_____________________________
(өтініш берушінің аты жөні)
тұратын жері __________________
______________________________
(көше,үй пәтер)
Өтініш
Мен_____________________________№_______________________________ (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)
№ 29 ОМ КММ - нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 (білім Министрінің бұйрығымен еңгізілген өзгерістерімен 2018 жылғы 2 сәуірдегі №123, ҚР Оқу –ағарту министрінің м.а 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.
___________________(тегі, аты-жөні)
_____________ (қолы)
«___»__________________2025ж.


















