Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
Kонкурсы

 

21.02.2023 - 01.03.2023 аралығында «29 орта мектебі» КММ  педагогтерді лауазымға тағайындау үшін конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығының (19.11.2021ж. өзгерістерімен) талаптарына сәйкес  конкурс жариялайды.

 

Педагог- ассистент-1

Физика-14 сағ

Информатика -11 сағ

Математика -10 сағ

Логопед -дефектолог-1

 

Қажетті құжаттар тізбесі ( электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды):

 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы

(нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжат қабылдау мерзімі – 7 жұмыс күні.мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қасту орталығының «enbek.kz»  сайты арқылы білуге болады.

 Конкурстың өту тәртібімен осы сілтеме арқылы бойынша танысуға болады.

 

Ақтөбе қаласы «№29 орта метебі» КММ 11.09-22.09.2025ж. аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Авиагородок -23а

Тел: 8(7132) 73-03-54

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Бос лауазымға педагогтердің құжаттарын қабылдау https://hr-nobd.edu.kz/ жүргізіледі.

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының https://www.enbek.kz/ru

 ресми сайты мен мектептің ресми парақшасы

 https://29aktobe-mektep.edu.kz  арқылы білуге болады.

 

  • Педагог-ассмстент (орыс класына,) –2 жүктеме- еңбек ақысы – 120 000тг

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен(өзгеріс 31.03.2022 ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф 64-тармақ бойынша барлық пән мұғалімдеріне арналған лауазымдық міндеттемелері негізге алынады.

 

11-параграф. Білім беру ұйымының педагог-ассистенті

  1. Лауазымдық міндеттері:

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

      білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;

      белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

 

 

Ақтөбе қаласы «№29 орта мектебі» КММ 05.09.-16.09.2025ж. аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Авиагородок 23а

Тел: 8(7132) 73-03-54

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Бос лауазымға педагогтердің құжаттарын қабылдау Ақтөбе қаласы Авиагородок – 23а мекен жайында жүргізіледі.

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының https://www.enbek.kz/ru

 ресми сайты мен мектептің ресми парақшасы

 https://29aktobe-mektep.edu.kz  арқылы білуге болады.

 

  • Дефектолог мұғалімі (қазақ, орыс класына,) –1 жүктеме- еңбек ақысы – 120 000тг
  • Логопед (қазақ, орыс класына) –1 жүктеме- еңбек ақысы – 120 000тг

 

 ҚР Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгеріс 31.03.2022 ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф 64-тармақ бойынша барлық пән мұғалімдеріне арналған лауазымдық міндеттемелері негізге алынады.

 

Ақтөбе қаласы «№29 орта мектебі» КММ 27.08.2025 - 05.09.2025 ж. аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Авиагородок 23а

Тел: 8(7132) 73-03-54

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Бос лауазымға педагогтердің құжаттарын қабылдау Ақтөбе қаласы Авиагородок – 23а мекен жайында жүргізіледі.

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының https://www.enbek.kz/ru

 ресми сайты мен мектептің ресми парақшасы

 https://29aktobe-mektep.edu.kz  арқылы білуге болады.

 

  • Көркем еңбек пәні мұғалімі (қазақ, орыс класына,) – 24 сағ - еңбек ақысы – 180 000тг

 

 ҚР Білім және Ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгеріс 31.03.2022 ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф 64-тармақ бойынша барлық пән мұғалімдеріне арналған лауазымдық міндеттемелері негізге алынады.

 

Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері

  1. Лауазымдық міндеттері:

 

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Параграф 14. Білім беру ұйымдарының вожатыйы, аға вожатыйы

  1. Лауазымдық міндеттері:

      балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;

      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;

      ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;

      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;

      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;

      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;

      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;

      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

05.08.2025 конкурс туралы 

 

05.08.2025 конкурс туралы 

 

 

Прием на работу педагога 

 

Ақтөбе қаласы «№29 орта метебі» КММ 05.08.-14.08.2025ж. аралығында келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

 

  • Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі( орыс класына)- 16 сағат
  • Физика пәні мұғалімі (орыс класына)-16 сағ
  • Математика пәні мұғалімі (орыс класына)-9 сағ
  • Бастауыш класс ( орыс класына)- 2 жүктеме (1жүктеме декреттік орын)
  • Тарих пәні мұғалімі (орыс класына) – 16 сағ
  • Тәлімгер (орысша,қазақша)-1жүктеме

 

Бос лауазымға педагогтердің құжаттарын қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 31.03.2025ж №96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүргізіледі.

 

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының https://www.enbek.kz/ru ресми сайты мен мектептің ресми парақшасы https://29aktobe-mektep.edu.kz арқылы білуге болады.

 

ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен(өзгеріс 31.03.2022 ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарпу 7-параграф 64-тармақ бойынша барлық пән мұғалімдеріне арналған лауазымдық міндеттемелері негізге алынады.Құжаттар 05.08.-14.08.2025ж. аралығында https://hr-nobd.edu.kz/ сайты арқылы тапсырылады.

 

Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Авиагородок -23а

Тел: 8(7132) 73-03-54

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

17.02.2025. конкурс өткізу туралы бұрық

 

17.02. конкурс қорытындысы

 

04.02.2025 конкурс шешімі

 

04.02.2025 конкурс өткізу бұйрығы

 

21.01.2025 конкурс өткізу туралы бұйрық

 

07.11.2024 ж

 

02.10.2024 ж қорытындысы

 

02.10.2024 конкурс

 

19.09.2024 ж қорытындысы

 

19.09.2024г

 

13.09.2024

 

13.09.24

 

03.09.2024

 

27.08.2024

 

22.08.2024ж

 

14,08,2024ж тарих ,музыка

 

2024 январь 04

 

06 августа 2024г.

 

06.08.2024ж. Бос педагогикалық лауазымдарына тағайындау конкурсы туралы

 

2024 январь 04

 

2023 август 09

 

2023 август 18

 

2023 август 21

 

2023 ноябрь 03

 

2023 декабрь 20