Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасы Ақтөбе қалалық білім бөлімінің №29 орта мектебі

Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымы – 1 (1бірлік жүктеме).

2023 жылдың 21 желтоқсаннан бастап 29желтоқсан аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.

Конкурс өткізілетін орын:

«Ақтөбе облысы әкімдігінің білім басқармасы Ақтөбе қалалық білім бөлімінің №29 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына орналасуға кандидаттар шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.