Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде үздік білімін көрсеткен 11 класс оқушысы Сизых Анастасия.
«Өзін-өзі басқару»
Мектебімізде ұстаздар күніне орай «Өзін-өзі басқару» күні 8-11 кластар аралығында жүргізілді. Жоғары класс оқушылары ұстаздық жолдың қандай болатынын көріп, сабақ берді. Кейіннен ұстаз болудың қиындығы мен қызығы бірге жүретіндігін және жауапты іс екендігін айтып, сезімдерімен бөлісті.
«Ұстаз – ұлы тұлға»
Халықаралық мұғалімдер күні мерекесіне орай мектебімізде «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өтті. Кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды. Мектебіміздің талантты оқушылары мен бірге жас мамандар да кештің сәнін келтірді. Қонақтарымыз дән риза болып, үлкен табыс тілеп, әр кез бізбен бірге екендерін айтты.
«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі»
Қазақстан халықтарының Тілдері күнін жыл сайын өткізу - 29 орта мектепте дәстүрге айналған. «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты тақырып аясында кластар арасында іс-шаралар өтті. Қатысушылар қазақ тілінде ғана емес сонымен қатар орыс, ағылшын тілінде өз үлестерін қосты.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
25 мамыр күні №29ОМ «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Биылғы 2016-2017 оқу жылында мектебімізді 31 жас түлек аяқтады. Мектеп оқушылары мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына,ұстаздарға арналған мерекелік концерт ұсынды. Түлектерге, мектеп оқушыларына мектеп директоры Салиш С.С. ақ жол тілеп, үздік оқушыларды марапаттады. Мектеп мақтаныштарының мәртебесі көтерілді.


















