Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа № 29» города Актобе
0
Әлеуметтік қызмет

Жаңа 2023-2024оқу жылынан бастап 1-4 оқушылары тегін тамақпен қамтылды.


Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Сол себепті барлығыңызды осы акцияға ат салысуларыңызды сұраймыз.

 

В целях поддержки детей из социально- незащищённых семей, ставшая уже традиционной, республиканская акция "Дорога в школу " в этом году проводится под названием " Поможем детям вместе!" Акция пройдёт с 1августа по 30 сентября текущего года.

     Цель акции заключается в оказании реальной помощи детям- сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, многодетным и малообеспеченным семьям; поддержать учащихся из малообеспеченных и многодетных семей в период подготовки к новому учебному году; предотвращение непосещения ребёнком школы по социальным причинам. Просим вас принять активное участие в этой акции.


"Мектепке жол " акциясы

Республикалық " Мектепке жол акциясы" аясында 29 мектебінің Кәсіподақ ұйымының тарапынан күн көрісі төмен отбасының балаларына мектеп сумкалары берілді.

 


 

Республикалық " Мектепке жол" акциясы аясында жеке кәсіпкер Ауезова Гульзейнат Сарсенбековна мектебіміздегі аз қамтылған оқушыларды мектепке қажет оқу  құралдарымен қамтамасыз етті. Ауезова Гульзейнет Сарсенбековнаға мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан алғысымызды блдіреміз. Ісіңізге береке, отбасыңызға амандық тілейміз.

 

@gul.zeinat


 

 

 Әлеуметтік педагогтің 2021- 2022 оқу жылындағы 3 тоқсан бойынша жүргізілген жұмысы туралы мәлімет

Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім  балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

         Қаңтар айында мектебімізде асхана өз жұмысын  34 баламен бастады. Ас мәзірінің өзгеруіне байланысты  Ақтөбе облыстық білім басқармасының бұйрығы  негізінде  жұмыстандық. Ас мәзірі білім алушыларға толыққанды берілді. Ақпан айының ортасында атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген ата – анамыздың арызы негізінде тағы да 4 (үш) білім алушы қосылып 38 білім алушы қосылды. Асхана тазалығы, тамақтың дайындалуы, жұмыстардың жүргізілуі бақыланып отырылды. Наурыз айында «Аяла» ӨҚЖБҚО тәрбиеленушілері қалалық білім бөлімінің анықтамасы негізінде 19 (он тоғыз) тәрбиеленушілері қосылды.

         Мектебімізде «Адалдық дүкені » жұмысын жалғастырып, оқушыларды адалдыққа, отансүйгіштікке , еліне адал қызмет жасайтын тұлға ретінде қалыптастыру;

  

 

Сонымен қатар қамқоршылықтағы оқушылардың білім жағдайы, әлеуметтік жағдайы тексеріліп отырылды.  Көмек қажет ететін отбасыға азық – түлік алынып берілді. (Бюллер Виктор қамқоршылықтағы білім алушы. Мектеп аумағында тұрады. №7 арнайы мектепте оқиды.)  тоқсан басында онлайн оқуға байланысты қамқоршылықтағы білім алушыларға мектебімізден компьютерлер таратылып берілді.

         Оқушылардан сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды.

  

 

Білім алушыларға медицина қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, баяндама негізі қыз балаларға арналды. «Ерте босану» және «Жыныстық жолмен жұғатын аурулар» бағытында түсіндіру жұмыстарын мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Қалалық білім бөлімінен келген қатынас хаттарға дер кезінде жауап беріліп отырылды.     

Әлеуметтік салада көмек қажет ететін отбасыларды анықтауда, оларға көмек көрсетуде класс жетекшілірмен тығыз байланыста жұмыстар дер кезінде жүргізіліп отырылды. Сабаққа қатыспаған, тәртіпсіздігін қадағалау, есепте тұрған ата – аналармен сөйлесу үй – жайларын аралау жұмыстары жалғасын тапты.

Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде «Қайырымдылық жәрмеңкесі » өтті жәрмеңкенің мақсаты «Үйде оқытылатын оқушыларға» жәрдем көрсету. Жәрмеңкеге 3 – 8 сыныптар арасында жүргізілді. Мектеп оқушылары жәрмеңкеге белсене ат салысты.

  

Тоқсан соңында қатысқан сыныптардың сынып жетекшілерін мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Әлеуметтік педагог                                  М. Жетпісбай


 

Әлеуметтік педагогтің 2021- 2022 оқу жылындағы 1 тоқсан бойынша жүргізілген жұмысы туралы мәлімет

 

Әлеуметтік педагогтің жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларымен, ата-аналармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын, көпбалалы отбасы балаларын, жартылай жетім және оралман оқушылармен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар тәртібінде ауытқушылығы бар және қиын, құқықбұзуға бейім  балалармен әлеуметтік-психологиялық және құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Тамыз айында «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, Мектебіміздің ауданына қарасты дүкендер мен мемлекеттік мекемелер және жеке кәсіпкерлерге қатынас хаттар таратылды. Осы жұмыстар аясында жеке кәсіпкер «Әуезова» 6 оқушыға мектеп сумкаларымен, Сонымен қатар «Зигзаг» азық – түлік дүкенінің иесі  Земсков Г.И. 15 000 мың теңге және Қазгидромет ұжымы 11000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Күнкөрісі төмен отбасы балаларына  өзінің көмегін көрсетті. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін жалғасатын табуда.

Тамыз айының соңғы аптасынан бастап, Жалпы білім беру қорынан бөлінетін қаражатты бөлу мақсатында мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы негізінде сынып жетекшілермен бірлесе отырып  ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Қыркүйек айының басында Аталған қаулы негізінде комиссия мүшелері құрылып, құжаттар жинақтала бастады. Жұмыс барысында 38 білім алушының арызы қабылданды. Оның ішінде 4 білім алушы ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар. Аталған отбасыларына сумкалар мен оқу – құралдарымен «А-TEXTL» Ақтөбе тігін шеберханасында тігілген спорттық киімдер және ТОО «Жан плюс ККМ» оқушыларға сумка және оқу құралдарымен, спорттық аяқ – киіммен қамтамасыз етті.

 

Сонымен қатар жеке кәсіпкер «Дуйсенгалиева» мектеп асханасының жұмысын жалғастыру мақсатында келісім шарт жасалды.Қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде 2021 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы негізінде құжат тапсырған оқушыларға бекітілген ас мәзірі негізінде тамақтануды бастады. Мектеп асханасында қазіргі таңда 33 бала тамақтанады. Асхана Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің  2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы негізінде өз жұмысын бастады. Күн сайын асхана жұмысы тексеріліп отырылады. Оқушылардың тамаққа қатысымы тексеріліп отырылады.

Қазан айының алғашқы онкүндігінде өгей әкесімен, өгей  анасымен  тұратын оқушылардың үй жайын аралап, ата – аналарының рұқсатымен акт жасалды.

Қазан айында асхана жұмысына байланысты сауалнама қашықтық өткізілді. Оған мектеп оқушылары қатысып, сараптама жасалды.

 

Қазан айының соңғы аптасында қалалық білім бөлімінің бұйрығы негізінде мобильдік топ мектебімізде тексеріс жүргізіп,  бірқатар ұсыныстар жасап кетті.

 

Тоқсан соңында демеушілер көмегімен аз қамтылған отбасыларына азық – түліктер мен киімдер таратылды. Көмек көрсеткен ата – аналар демеушіліерге алғысын жаудырды.

 

Әлеуметтік педагог                                  М. Жетпісбай.