Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа № 29» города Актобе
0
ҰБТ-ға дайындық кезіндегі психологиялық қолдау жұмысы бойынша «Өмір негізі......МЕН» тақырыбында тимбилдинг психологиялық

АНЫҚТАМАСЫ

 

  Қатысқандар: 11 оқушы

  Қатыспағандар: 10 оқушы (психологиялық жұмыстан бас тартқандар)

  Тренингтің жоспары бойынша:

  1. «Мен және менің 7 кереметім!» психологиялық жаттығу.
  2. «Арман- Мақсат-Болашақ» арт терапия әдістемесі
  3. «Афирмация» жасау технологиясы
  4. «СЕН МЫҚТЫСЫҢ!» психологиялық жаттығу

      23.02.2022 күні 11 А сынып оқушыларына «Өмір негізі .....МЕН» атты тимбилдинг тренингісі өткізілді.

      Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік –психологиялық климат құру.

Тренингті орындау барысында төмендегідей міндеттер іске асырылды:

-тренинг басысында жағымды атмосфера құру,

-ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру.

-біртұтас команда моделін құрастыру, топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып, біріңғай ұжымдық ережелерді қабылдау.

-әртүрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдаларды дамыту, -командадағы рольдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету.

     Тренинг арқылы түзету жұмыстары: шамадан тыс стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу.

     Күтілетін нәтеже: бірін –бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады; командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара сенім қалыптасады.

Тренинг барысында оқушылар өздерінің болашағын елестетіп, армандарымен бөлісті. Және де  алға қойған мақсаттарын іске асырудың ережелерін жазды.

      «Менің 7 кереметім» психологиялық тренингті өткізген кезде, оқушылар ұялып, сескеніп, өздеріне сенімсіздік танытты. Бірақ та, бір шама уақыттан кейін сенімсіздіктері жойылып, өздерін көрсетуге тырысты.  «Афирмация» сөздерін қолданып, өздерінің болашақтарына жолдау жасады.

                   

      Оқушылардың алдында ҰБТ және де емтихандар күтір тұрғасын, олардың бойын қорқынышпен үрей басып тұрады. Сол шамадан тыс стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу мақсатында «СЕН-МЫҚТЫСЫҢ!» психологиялық тренингісін өткіздім.Оқушылар бір –біріне жақсы, жылы лебіздерді  «СЕН МЫҚТЫСЫҢ, себібі.......» деген сөздермен  сыйлады.  

 Тренинг соңында оларды қызыл қапшықтың ішінде «Тәтті сыйлық» атты тосын сый күтіп тұрды.

   Оқушылар өздерін біршама қуанышты сезініп, болашаққа сенімділікпен, үлкен жоспармен тренингті аяқтады.

Қорыта келе, тренингті өткізу барысында мақсатымды іске асырып, күтілетін нәтежеге қол жеткіздім деп ойлаймын.

 

Өткізген: мектеп психологы Имангазина Г.Е.