Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
№29орта мектебіндегі Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Тыңдалды: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жанұзақов Қ.К. қаралып отырған мәселе бойынша сөз алып,  қазіргі таңда мектепте оқушылар мектеп ережесіне бағынқысы келмей, мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылардың  кейбір мектептерде  кездесіп жүргенін айтты. Біздің мектебімізде ондай оқушы жоқ, дегенмен де,  оқушыларымыз бен ата-аналарымызға дін туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыру жұмыстарын өткізу артық етпейтінін айтты.                                                                                                                                          

Сарбасов С.Ж- қамқоршылық кеңесінің мүшесі:  мектебімізде мектеп формасы бойынша өрескел тәртіп көрсетіп отырған оқушы жоқ, бұл қуантарлық жағдай.                         Қ. Жанұзақовты қолдаймын, қандай жағдай болса да, алдын алу шараларын ерте бастан қамту керек, - деп өз ойын білдірді.

Кенжебаева Ж. А. - қамқоршылық кеңесінің мүшесі: Мектебімізде мектеп формасын өрескел бұзып отырған оқушы болмағаны әрине,  жақсы. Мен жалпы ата-аналар жиналысына осы жағдайларды алдын алу шаралары негізінде ата-аналарға дін туралы дұрыс түсініктерін қалыптасуына септігін тигізер деген оймен қаламыздағы теолог мамандардың бірін шақыртсақ деген ұсынысымды білдіремін.  Ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т. Кайбалдиева Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін төмендегі жарғыдағы қағидалармен таныстырып өтті. «Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының «Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» атты 49- бабының 2 -тармағындағы 6,7 тармақшаларында: білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» және « білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті», - деп толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар»туралы бұйрықтың 13,21 тармақшаларында «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты элементтерін қосуға болмайды», «Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді»- делінген. Осы заңдар негізінде мектепте барлық оқушылар мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс, -деп сөзін аяқтады. Әрбір ата-ана, оқушыны жоғарыда айтылған заңнамалармен жалпы ата-аналар жиналысында, класс жиналыстарында айтып таныстыру керек деген шешім қабылдады.

Қаулы қабылданды:

  1. Діни экстремизм мен терроризмді алдын алуынана байланысты педагогикалық ұжымда, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілу жалғастырылсын.
  2. Мектеп формасының сақталуы ата-аналар, класс жетекшілер тарапынан бақылауға алынсын.    

Төрағаның аты-жөні:             Жанұзақов Қ.К.

Хатшы:                                  Жанадилова Д.И.