Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
Қыркүйек айы бойынша іс-шаралар

5 қыркүйек тілдер күніне орай өткізілген ПОЛИГЛОТ командалық танымдық байқау өткізілді. 7 Б, 7 В, 8 Б класстарынан құралған 3 команда сайысқа түсіп, өте жақсы дәрежеде нәтиже көрсете білді. Ойында  үш тілде жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер оқылып және үш тілде тапсырмалар орындалды.

5 Қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткізілген тілдер апталығының

ағылшын тілі бағыты бойынша сыныптан тыс сабақтары өткізілді.

Қатысушы: 5-7сынып оқушылары және ағылшын пәні мұғалімдері

 

 

08.09.2022ж. Мектеп оқушыларына "Адалдық адамдықтың белгісі "

атты адалдық сағаттары өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адал,әділ, адамгершілік ұғымдарына түсінік беру. Бір біріне деген көңілі таза, пейілі кең, шын дос бола білу ұғымдарын қалыптастыру. Шындықты айта білуге тәрбиелеу.

 

 

 

23.09.2022жылы «2022-2023жж. Мектепішілік Президент сайлауы өткізілді»

Сайлау нәтижесі бойынша мектебіміздің жаңа Президенті - 9 «Ә» класс оқушысы Ерланұлы Әли. Президенттің орынбасары 9 «Б» класс оқушысы Сисембаева Адина болып тағайындалды.