Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
Аналар кеңесінің отырысы

15.01.2022 ж, аналар кеңесінің отырысы өтті.

«Ана-отбасы ұйытқысы» тақырыбында кеңес өткізілді

Мектеп психологтары аналармен тренинг өткізді.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни, баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

 

 

 

                                                  ДТІЖО                                      Хомутова А.К.