Отбасы құндылығын арттыру және әкелер институтын дамыту мақсатында 02.04.2022 ж
мектебімізде әкелер кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Республикалық әкелер қауымдастығының төрағасы А.А.Кулов қатысты.
Мектеп директоры Е.Е.Мухашев
мектепішілік " Өнерлі Әке" байқауына қатысқан белсенді әкелерді марапаттады.
Мектептің әлеуметтік педагогы М.Жетписбай " Отбасындағы әкенің рөлі" туралы баяндама оқыды.
Мектеп психологы О.Ильчак балалардың жас психологиясы туралы айтып өтті.
Мектеп психологы Г.Имангазина " Мұнара", " Геометриялық пішін" атты ойын тренингін жүргізді. Жиналысқа келген қонақтар тренингке белсене қатысып, көңіл күйлерін көтерді.
ДТЖІО Хомутова А.К.