Коммуналдық мемлекеттік мекеме «№ 29 орта мектебі» Ақтөбе қаласы
0
Жас мамандарға ұйымдастырылған семинар-практикум

Семинар практикумның мақсаты: Жас мамандардың  кәсіби құлшынысын арттыру, топпен жұмыс жасауға бейімдеу, жігерлендіру, маманның педагогикалық білімін арттыру, ситуациядан шығу әрекетін ойластыруға бағыттау, сенімділіктерін арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

 

Жоспары:

1.«Көңілді шеңбер» тренингі

2.«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-ақпарат беру

  1. «Әрекетіңді белгіле!» тренингі
  2. «Тіркесу» әдістемесі.

5.«Бірігейік!» әдістемесі

6.«Есте болсын!»- жадынама тарату

 

 Семинар-практикумның жүру барысы:

 

1.«Көңілді шеңбер» тренингі.

Мақсаты:  Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, топпен жұмыс жасауға бейімдеу, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Уақыты: 5 минут

Барлық қатысушы шеңбер болып тұрады.  Әр қатысушы өзінің амандасу түрін ұсынады. Ол сөз арқылы немесе іс әрекет арқылы болуы мүмкін. Тапсырма  оң жақтан сол жаққа қарай орындалады. Екінші қатысушы әуелі өзінің алдында орындап кеткен қатысушының амандасу әрекетін қайталап, содан соң өзінің ұсынысын ортаға салады. Сол тәртіппен соңғы қатысушы барлық қатысушының амандасу әрекетін орындап шығады.

 

2.Слайд арқылы мамандарға ақпарат беріледі.

    Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, тәлім тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан, қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай тарихи танымы мол, саяси – экономикалық және педагогикалық – психологиялық сауатты болуы тиіс.

Мектеп оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірбиесіне байланысты деп атаймыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі, мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине қанша тәжірбиелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай емес. Оқушылармен дұрыс қарым – қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:

1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым – қатынасқа тез түсіп отырады.

Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысылы, «Тыныш отыр», «Немене бәрін білесіңбе ?», «Сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзеп ал, сосын айтарсың», т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.

  1. Оқу үрдісіне кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындары жасырын емес

Өйткені, уақытты пайдаланамын деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен , пікірімен санаспайды. Яғни, оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.

3.Оқушылардың іс – әрекеттерін әділ бағаламау жие кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым – қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау – жанжал болып жатады.

   
  1. «Әрекетіңді белгіле!» тренингі

Мақсаты: маманның педагогикалық білімін арттыру, ситуациядан шығу әрекетін ойластыруға бағыттау.

Сіздің алдыңызға неше түрлі эмоциядағы оқушылар келеді. Олар:

а) Көп ойланып тұрған оқушының  бет-әлпет кескіні

ә) Дұрыс жауап бере алмай ренжіп тұрған оқушының бет-әлпеті.

б) Қайғылы оқушының  бет-жүзі.

в) Қол көтеріп, сабақ айта алмаған ашулы оқушының бет-әлпетін бейнеле.

г) Менсінбей тұрған оқушының кейіпін көрсету.

д) Сізбен сөзге келіп, соңынан өкініп тұрған оқушының бет-әлпеті

е) Олимпиададан 1-ші орын алып қуанып тұрған оқушының бет-әлпетін бейнеле.

  1. «Тіркесу» әдістемесі.

Әрбір маманға «Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден-бір жолы» қанатты сөйлемнің әрбір сөздері табысталады. Әрі қарай 2 минуттың ішінде қатысушылар рет ретімен тұрып –бұл сөзді дұрыс жинақтауы тиіс.

 

     
  1. «Бірігейік!» әдістемесі

Мақсаты: сенімділікті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау.

 Ортада  жан жағына түрлі түсті лента байланған ақ парақ жатады.Әрі қарай әр қатысушы сол лентаның біреуін оң қолына ұстап тұруы тиіс.Ақ парақта 8  лента байланылған. Яғни 8 маман қатысады деген сөз. Барлық маман ленталарды қолдарына алған соң, ақ парақтың ортасына жеп жеңіл доп қойылады. Барлық қатысушының мақсаты бірігіп жұмыстана отырып, ақ парақ үстіндегі допты, құлатпай, жиектен шығармай жоғарыға көтеру.  Жаттығуды талдау:
- Ойын саған ұнады ма?
- Бұл тренингтен нені түсіндіңіздер? Бұл жерде доп кімнің ролін ойнап тұр?

    

 

       
  1. «Есте болсын!»- жадынама тарату.

      Қарым – қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден – бір жолы туралы жадынама таратамын.

- Әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым – қатынас орнату;

- Мұғалім өзінің жағымсыз көңіл - күйінің болмауын қадағалау;

- Қарым – қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау ;

- Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым – қатынас жасау;

- Қарым – қатынаста дау – жанжалға жол бермеу;

- Сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

- Қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым –қатынас орнатып, олармен тіл табысу;

Оның бірден – бір жолы психологиялық ойындар, тренинктер, т.б;

- Қарым – қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;

- Қарым – қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.

 

 

     

 

 

  1. ПОПС әдістемесі.

Қатысушылар попс кестесін толтыру арқылы, семинардан алған әсерлерімен бөліседі.