Кездесу барысында оқу үдерісінің нәтижелері, оқушылардың үлгерімі, тәрбие жұмыстарының жүргізілуі, сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайы жан-жақты қарастырылды. Ерекше назар қауіпсіздік мәселелеріне, білім беру үдерісін цифрландыруға аударылды. Ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері атқарылған жұмыс туралы толық ақпарат алып, мектептің одан әрі дамуы мен білім беру ортасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
2025 жылғы 10 желтоқсан күні КММ «№29 орта мектебі» директоры Мухашев Есенай Ертөстікұлы 2025 жылғы жылдық есебін ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің отырысында таныстырды.


















